Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!

Оқушының дұрыс тамақтануы – оның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне
айналуы тиіс. Дұрыс әрі жақсы тамақтанатын оқушылардың денсаулығы мықты әрі
сабақ үлгерімі де жоғары болатыны анық. Жаңа оқу жылының
басталуына орай «Парасат» мектеп-лицейінің коммуналдық мемлекеттік
мекемесінде жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну мақсатында мектеп асханасы жұмыс жасап жатыр.
Жаңа 2023-2024 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды. Жалпы саны 126 оқушы. Жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін тамақ ішетін оқушылардың саны 40-ты құрап отыр.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және
күнделікті берілетін тамақтың сапасы, әлеуметтік педагог
пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырады. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) әркез бақылауда.

«Парасат» мектеп-лицейі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
әлеуметтік педагогы Д.Қ Зине