Бастауыш сынып оқушыларымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шығармашылық жұмыстарында оқушылар адам еңбегіне деген шыншылдық қағидаларын бейнеледі.

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ
сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп парламентінің оқушылары «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әлеуметтік бейне баян түсірді.


Сыбайлас жемқорлықты жеңуде нақты табысқа жету үшін балаларды ерте жастан бастап парасаттылық, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу қажет.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың бойында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру мақсатында қаңтардың 24 күні «Парасат» мектеп-лицейінде «Жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Суреттер көрмесіне 5-9 сынып оқушылары қатысты. Балалар өздерінің жұмыстарында қоғам өміріндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жағымсыз жақтарын көрсетті.

«Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы негізінде «Парасат» мектеп-лицейінде 6-10 сынып оқушылары арасында «Біздің таңдауымыз-құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел және сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару. «Мен сыбайлас жемқорлық туралы не білемін» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысты.1,2,3 орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.




«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі өтті. Мақсаты- өскелең ұрпақтың бойындағы адалдық қасиеттерін жетілдіру.
Шығармашылық жұмыстарында оқушылар адам еңбегіне деген шыншылдық қағидаларын бейнеледі.