Өз балаларынды ойла https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/media/details/52370?lang=kk
















ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады
https://polisia.kz/iim-tulekter-men-olardyng-ata-analaryna-undeu-zhasady/


Сенің өмірің - сенің қалауың! https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/media/details/49501?lang=kk


14 ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Парасат» мектеп-лицейі кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары сыйлаған кітаптармен кітапхана қорын толықтырды.

Сыйға тартқан кітаптар өз оқырмандарын табады деп сенеміз.

#Оқуғақұштармектеп

#КітапсыйлаукүніСҚО

Айсулу Смаг

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Парасат» мектеп-лицейінде «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында әжелермен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - қыз балалардың бойындағы рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық қасиеттерін арттыру. Әжелерімізге игі тілегін мектеп директоры Сағат Құрманғалиқызы Елеукина білдірду. Кездесу барысында Жапарова Зиягуль Абдрашитовна әжелерімізбен таныстырып, қазақ халқындағы қыз бала тәрбие туралы ойларын ортаға салып, тоқыма өнермен таныстырды. «Қызға қырық үйден тыйым салған» халқымыздың қыз бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Әжелеріміз қыздарға ақыл-кеңес беріп, киім үлгісі, қыз тәрбиесі туралы кеңінен ой толғады. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығы жағынан жоғары болу керектігін айтты. Іс-шара соңында әжелеріміз қыздардың әндерін тыңдап, ақ баталарын берді.



2024 жыл 10 ақпан күні 11 сынып ата-аналарының жиналысы өтті. Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Алдабергенева қаңтар ҰБТ қорытындысы және қорытынды аттестация ережесімен таныстырды. 11 сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандарының мерзімдері және қосымша дайындық кестесі туралы айтылды.


ҰЛТТЫҚВАЛЮТАКҮНІ

2023 жылы 3 қараша күні "Парасат" мектеп-лицейінде 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында

"Отбасы - бақыт бесігі. Ата-ана өмірінің басты мақсаты - бақытты адам тәрбиелеу" тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде мына сұрақтар қарастырылды:

1. Балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі.

2. Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі.

3. Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері.

4. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас.

Топқа бөлінген ата-аналар қарастырылған сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды,атап айтса, отбасында болатын келеңсіздіктерді қалай шешу керектігі, баланың тәрбиесіне ата-ана екеуі бірдей жауапты болу керектігі,жас ұрпақтың сапалы әрі саналы тәрбие алу қажеттілігі жайында пікірталас болды. Шығармашылық танытып тың идеялар, ұсыныстар, тілектер айтылды.1 тоқсан қорытындысы бойынша және алдағы уақытта осы іспеттес өтетін жиналысқа 100 пайыз қатысу керектігін директордың оқу ісі бойынша меңгерушісі Алдабергенева Б.Е тілге тиек етті. Отбасында жағымды хал-ахуал қалыптастыру жөнінде мектеп психологы Тюлюп Р.Т. сөз алды. Ата-аналар жиналыстан алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.



«Парасат» мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс күндері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, оқушылар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.



Балалар күзгі демалыста «ATLAS CINEMA» кинотеатрына барды. Ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шарадан балалар үлкен эмоция мен қуанышқа бөленді.

«Парасат» мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Мектеп директоры С. Қ. Елеукина мектеп президентін құттықтап, куәлігін табыстады. Мектеп президенті Конысбаев Санжар оқушылар мен ұстаздар алдында өзіне берілген міндеттерді бұлжытпай орындауға, Отанының патриоты болуға, әділ көшбасшы болуға ант етті.



2023 жылдың 22 қыркүйек күні «Парасат» мектеп-лицейінде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында 2023-2024 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, білім беру ұйымында тегін тамақтану, «Мектепке жол» акциясы, балалардың қауіпсіздігін сақтауда автобуспен қамтамасыз ету, міндетті оқу мәселелері туралы ақпараттармен танысты.

«Парасат» мектеп-лицейінде Тілдер онкүндігі өз мәресіне жетті.

Онкүндіктің нүктесін қояр күні қазақ тілі пәні мұғалімдері «Мемлекетті тілді дамыту- басты қағида» атты айдармен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, Жазира Көкбастың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. Ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, тілге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Аталған іс-шараға университет студенттері мен мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылар ана тіліміздің еліміздегі:

-мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

- Мемлекеттік тілдің қадір-қасиеті қандай?

- Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай?

- Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

-Мемлекеттік тілді дамытуда қандай жұмыстар жүргізілуде? - сияқты сұрақтарға жауап іздеп, ана тілімізге шын жанашыр екендіктерін көрсетті.

«Парасат» мектеп-лицейінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Үш тіл білу – заман талабы» атты пікірталас ойындары өтті. Пікірталаста екі позицияда өз ойларын еркін айтып, ұшқыр ойларын жеткізді. Бұл ойындағы басты мақсатымыз оқушылардың жоғары деңгейлі және сыни ойлау дағдыларын дамыту. Алдағы уақытта да еркін сөйлеу, пікірталас ойындарын жиі ұйымдастырып отыру жоспарымызда бар.



Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Парасат» мектеп-лицейінде 2023 жылдың 4 қыркүйегінен бастап 1-4 сынып оқушыларын мектеп асханасында тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарыда тегін ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп асханасы санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған, күнделікті ас мәзірі мектеп әлеуметтік педагогы мен мектеп медбикесінің бақылауында. Оқушылардың тамақтану тәртібі кестемен бекітіліп сол кесте бойынша тамақтанады.




07.09.2023 жылы «Парасат» мектеп-лицейінде Қызылжар ауданының прокуроры Әбішев Қайсар Оралұлы ұжыммен және 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы- Құқық бұзушылықтың алдын алу. Қайсар Оралұлы кездесуде алаяқтарға алданбау жолдары мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық сияқты өзекті мәселелер жайында толық ақпарат берді. Бұл кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.



2023 жылы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жолдады.

Ел Президенті өз жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, суды үнемдеу бойынша бастама көтерді. Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырып, жасанды интеллектіні дамыту ісіне назар аудару кезеңі де келіп жеткенін айтты.

Мемлекет басшысының Жолдауын республикалық телеарналардан тікелей эфирден мектеп ұжымы тыңдады.


Соңғы жаңалықтарды көру үшін, суретке екі рет басыңыз :)



"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Парасат» мектеп-лицейінің кітапханашысы А.Д.Смагулова және мектеп парламентінің оқушылары «Мен іздеген кітап» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты- өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуын, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіру. Кездесу барысында оқушылар өздерінің сүйікті авторлардың «Гарри Потер» және «Менің атым Қожа» кітаптарын талқылады. Айсулу Дастеновна оқушыларды қызықтыратын кітаптары жайлы мәлімет алды.Кездесу оқушыларға қатты ұнады.

#МЕКТЕППАРЛАМЕНТІ



Педагогтің кәсібилігіндегі әдістемелік құрал
Біздің қай-қайсымыз да білім беру саласындағы қызметімізде әдістемелік құрал, оқу құралы деген не деген сұраққа әрбір екінші адам ойланады, нақты мысалдар келтіреді. Әрине, оқулық, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, жазу дәптері, элективті курс, арнайы курстар яғни, оқуға көмектесетін материалдар туралы айтып отырғанымызды бәріміз түсінеміз, бірақ оның нақты не екенін барлығымыз біле бермейміз. Ал, оны бірге анықтауға тырысайық.
Сонымен, оқу-әдістемелік құрал – мазмұны кез келген педагогтің оқу бағдарламасына толық сәйкес келетін ресми баспа басылымы.
Қарапайым және қолжетімді тілде сөйлейтін болсақ, бұл педагог қауымға пайдалану үшін берілетін ең көп таралған оқу құралы.
Бұл көбінесе бір тақырыпты қозғайтын, бірақ егжей-тегжейлі сипаттайтын шағын анықтамалық, кеңес немесе тіпті конспект.
Өз тәжірибемде «Авторлық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында Қызылжар ауданы, «Парасат» мектеп-лицейі қабырғасында педагогтермен дөңгелек үстел өткізу жүзеге асты.
Ұйымдастырылған іс-шара аясында Есіл ауданы, Корнеевка орта мектебінің мұғалімі, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі Жакупова Акмарал Ораловна өзінің кәсіби шеберлігімен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеудің алғышарттарын, басты ерекшеліктерін, ұстанатын әдістемелік талаптардың кезеңдерін нақты және қолжетімді түрде жеткізе білді.
Құрметті педагогтар, әдістемелік әзірлемелерді дайындау барысындағы қадамдар мен ұсынымдар ескеру басты назарыңызда болуы шарт.
Әдістемелік құрал әзірлеуді жоспарлағанда, сіз ұстанатын алгоритм:
 Нормативтік құжаттарға сәйкес (мазмұны жағынан)
 Педагогикалық практика жаңалығы (дара стиль)
 Оқу процесіндегі туындаған проблеманы шешу, жою
 Оқушының жеке қабілетін дамыту (интеллект, коммуникация, әлеуметтік бейімделу)
 Жүйелілік талаптарға сай болуы
 Дидактикалық құралдар, әдіснамалық ұсынымдармен қамтылуы (қосымша)
 Психологиялық-педагогикалық негіздерге сүйену
 Ұйымдастыру формаларын анықтау (жоба, сынақ, шығармашылық сабақтары, экскурсия, т.б.)
 Ғылыми жаңалығы, комбинаторлық әдістер.



2023 жылдың 03 ақпаны күні «Парасат» мектеп-лицейінде оқу – тәрбие жұмысының

«ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ» жобасын жүзеге асыру мақсатында педагогтардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған тренинг ұйымдастырылды.
Жалпы жобаның өзектілігі – педагог қауымның кәсіби құзыретілігін шыңдауда іске асырылатын авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал немесе жұмыс дәптерлерін шығарудың өзектілігін негіздеу.
Ұйымдастырылған тренинг аясында Есіл ауданы, Корнеевка орта мектебінің мұғалімі, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі Жакупова Акмарал Ораловна өзінің кәсіби шеберлігімен таныстыру арқылы оқу-әдістемелік құралдар әзірлеудің алғышарттарын, басты ерекшеліктерін, ұстанатын әдістемелік талаптардың кезеңдерін нақты және қолжетімді түрде жеткізе білді.
Тренинг аясында мектеп педагогтары Б.Алдабергенева, Ж.Ибраева, Н.Жанимхан, С.Адильбекова, А.Ибраева, К.Шарипова, М.Саурбаев және тағы да басқалары өздерінің әдістемелік әзірлемелерді дайындау барысындағы қадамдары мен жинақталған материалдарын көрсете отырып, көптеген бағыттар бойынша ұсынымдар алуына мүмкіндіктер болғанын атап өтті



Кәсібилікке жетелейтін Workshop
2023 жылы 19 қаңтар күні «Парасат» мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімдері үшін «International Day of Education» тақырыбында аудандық Workshop (шеберлік сынып) өткізілді.
Іс-шара барысында спикерлер «НЗМ» ДББҰ ағылшын тілі мұғалімі О.В. Водопьянова, «ATENK» ағылшын тілі ассоциациясы өкілі Д.К.Алибекова, облыстық Америкалық орталық координаторы - В.Першина, English Language Fellow өкілі Anna Denisenko және «Парасат» мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімдері Б.Е.Бекболатова, ЖЖ.Ибраева өз іс- тәжірбиелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша ұстаздар арасында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылардың пайдалы ақпараттар алуына үлкен мүмкіндіктер болды. Тиімді ұйымдастырылған Workshop ағылшын тілі мұғалімдерінің мотивациясын күшейтуге, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға негізделіп, жоғары әдістемелік деңгейде өтті.



2023 жылдың 19 қаңтар күні «Парасат» мектеп-лицейінде оқу – тәрбие жұмысының «ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ» жобасының жоспарына сәйкес білім ордасының 8-11 сынып оқушылары үшін Kozybayev University оқытушысы, ағылшын тілін жеткізуші Anna Denisenkoмен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқушыларының рухани даму, әлеуметтенуі, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушылар Anna Denisenkoға өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя отырып, жалпы ынталандырушылыққа бағытталған ақпараттарды өте жақсы қабылдады. Кездесу аясында түлектеріміз шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары мен оқыту үдірстеріне қызығушылықтарын танытып, өздерінің көкейлерінде жүрген және білгісі келетін ақпараттары туралы бірнеше сұрақтар қоюларына үлкен мүмкіндік болды.
Анна Денисенко біздің еліміздегі мектеп оқушыларымен кездесу алғашқы рет екендігін алға тартты.
Келесі жобамыздың жалғасы бұдан да қызықты болатынына сенімдіміз.


Білім алушылардың бойында азаматтық ұстаным мен ой ұшқырлығын жетілдіру мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Ұшқыр ой алаңы» дебат сайысы өтті.Сайысқа 4 команда қатысты. Дебат Американдық формат түрінде өткізілді. «Үздік спикер» номинациясына 9-сынып оқушысы Ахмадиева Альбина иеленді. Қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. «Парасат» мектеп-лицейінің мектеп парламентінің оқушылары Мырзакаева Орынтай апамызға қамқорлық көрсетіп, қар тазалауға, үйге отын,көмір кіргізуге көмектесті.

Оқушылардың көмегіне риза болған апамыз, жоқушыларға алғысын айтып, ақ батасын берді.


Курстан кейінгі қолдау – педагогтің шыңдалуына жол ашу

Педагог қауымның шыңдалуына жол ашудағы өзекті мәселе – біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі педагогикалық қызметін жандандыру және мұғалімдердің қызметіне бақылау жасау.

Мұғалімнің қызметін курстан кейінгі қамтамасыз ету – курстан кейінгі әрекетін үздіксіз назарда ұстау және әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Осы ретте өзімнің аға оқытушы ретінде «Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Г.Кадралинаға әдістемелік құрал жазу бастамасына кеңес беруді жоспарладым.

Әдістемелік кеңес алу арқылы педагог әдістемелік құралды құрастыру технологиясы, талаптары, технологиялық схемасы және басылымды шығарудың қырларын игерді. Сонымен қатар құрал жазудағы басты назарды кіріспе бөлімінде нормативтік-құқықтық құжаттарды ықпалдастыру, заманауи білім беру технологиялары мен белсенді әдістерді, олардың қолданылуын көрсетудің оңтайлылығы атап өтілді.

Педагог әдістемелік құралды әзірлеуде ұсынылатын тапсырмалар мен оқу қызметін ұйымдастыру түрлері туралы қосымша мәліметтер және оқытудың визуалды құралдарын көрсетуге назар аудару қажеттігі негізделді.

Әдістемелік кеңес арқылы педагог өз қызметіндегі құзыреттілігін арттырудың бірнеше қадамдарын өзіне түртіп алды.



«Парасат» мектеп-лицейінде мектеп парламенті мүшелерінің мектеп директорымен керемет кездесуі өтті. Кездесу барысында мектеп президенті Казизова Айгерим мектеп парламентінің жұмысымен таныстырып кетті. Фракция депутаттары біріншіжартыжылдықтың жоспарға сәйкес атқарған жұмыстары мен бөлісті. Оқушылар мектеп директорынан алдағы уақытта ұйымдастыратын жұмыстар бойынша бағыт алды. Кездесу барысында оқушылар кері байланыс берді. Осындай кездесулер оқушыларға жоғары деңгейдегі мотивация береді.

"Парасат"мектеп-лицейінде ҚР Қорғаныс Министрлігі Сағдат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтымен бірлескен 9-11 сыныптың ер балалармен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Құрлық әскерлерінің әскери институты бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білімді, 4 жылдық оқу мерзімі бар офицерлерді даярлауды жүзеге асырады. Бағдарлама бойынша оқушыларымызға ақпарат берілді.



2022 жылдың 24 желтоқсанында онлайн форматта оқушылар арасында облыс әкімінің кубогына арналған «Солтүстік Қазақстан дарыны» дебаттық турнирі өтті. Турнирге аудандардан, қаладан және облыстық білім беру ұйымдарынан 32 команда қатысты. «Парасат» мектеп-лицейі» КММ «Сұңқар» командасы жүлделі 1 орынға ие болды.

Турнирдің мақсаты: қазақстандық патриотизмді, өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастыру және республикадағы мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау.

Пікірталас барысында дебюттік раундтарда Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің өзекті мәселелері, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері талқыланды.




ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мереке қарсаңында "Парасат" мектеп-лицейінде 1-11 сыныптар арасныда «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеуді қарастырды



«Парасат» мектеп-лицейінің мектеп парламенті 7-8 сынып оқушылары арасында баскетбол жарысын өткізді. Оқушыларға спорт тьюторы Т.Ж. Абылов техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, баскетбол ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылар спорттық іс-шараға белсенді қатысты. Жүлдегер командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.


«Парасат» мектеп-лицейінің мектеп парламентінің ақпарат депутаты Аманбаев Али және ақпарат тьюторы Қажымұратов Д.А. Microsoft Word «Мәтін теру» жарысын өткізді.Мақсаты: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білу. Жарыс 5- сыныптар арасында болды. Қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

3 дәрежелі диплом

2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының “Зерде” республикалық конкурсының облыстық кезеңінде Робототехника секциясы бойынша жеңімпазы.

Оқушылар: Елемес Темірхан, Есім Ерлыхан

Жетекші: Манкошев Жандос Нуржанович

Кажимуратов Даурен Аманжолович