«Парасат» мектеп-лицейі» КММ 2024-2025 оқу жылындағы логопедиялық қызмет жұмысын БҒМ 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы, БҒМ 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес қызмет атқарды.
1. Диагностикалық бағыт бойынша өткізілген жұмыстар:
- Сөйлеу бұзылушылықтары бар балаларды анықтау мақсатымен мектептің контингентін тексеру жүргізілді.
- Жалпы сөйлеу бұзылысымен
- Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық бұзылысымен
- ЖСБ негізделген оқу мен жазу бұзылысымен
- тұтығу бойынша оқушылар тексеріледі.
- Оқушылардың логопедиялық диагностикасы келесі бағытта көрініс табады:
1.дыбысты айту
2.жалпы моторика жағдайы
3.қол саусақтарының ерікті моторикасын зерттеу
4.артикуляциялық аппаратты зерттеу.
5.артикуляциялық аппараттың анатомиялық жағдайын тексеру.
Логопедиялық диагностика бойынша мектепалды сыныптан дислалиямен(р,л) -9 бала, оның ішінде үнді және ұяң дифференциациясымен - 5 бала, ротацизм – 4 бала анықталды.
1- сынып оқушылары бойынша дислалиямен - 11 оқушы, 2- сынып бойынша 7 оқушы, 3-сынып бойынша 4 оқушы анықталған болатын.
- Жас ерекшеліктері және ортақ бұзылыстары қағидасы бойынша топтарға біріктірілді.

2. Түзету-дамыту бағыты бойынша өткізілген жұмыстар:
Логопедиялық сабақтардың кезеңділігі сөйлеу бұзылыстарының ауырлығымен анықталады. Жалпы сөйлеу бұзылыстары бар, жалпы сөйлеу бұзылыстарына негізделген сөйлеу және жазу қызметтері бұзылған балалармен аптасына 1-2 рет сабақ жүргізілді. Тұтықпасы бар балалар, дыбыстарды айту қиындығы бар, фонетикалық–фонематикалық сөйлеу бұзылысы және фонетикалық-фонематикалық бұзылыстарға негізделген жазу және оқу қызметтері бұзылған балалармен аптасына 2 рет сабақ өткізілді.
Түзету-дамыту оқудың ұзақтығы сөйлеу бұзылыстарының көрінісіне байланысты болады. Сабақтар топ бойынша сабақ кестесі құрылып, түзету жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жыл соңында мектепалды сыныпта 9 баламен жұмыс жалғастырылады. 1-сыныпта 6 баламен жұмыс жалғастырылады, 2-сыныпта 5 баламен, 3-сыныпта 4 баламен, 4-сынып 1 баламен жұмыс жалғасады.

3. Кеңес беру бағыты бойынша атқарылған жұмыстар:
Мектепалды сыныбы оқушыларының ата-аналарына кеңес берілді, әр жас кезеңінде жалпы сөйлеу тілінде болатын өзгерістер мен ерекшеліктер бойынша айтылып, талдау жұмыстары өткізілді.
Мектепалды сынып оқушыларының ата-аналарына балалардың сөйлеу тілінің дамуы мәселелері бойынша және оларды үйде жеңу бойынша ата-аналарға кеңес берілді.
Оқушылардың қорытындылары бойынша жеке кеңестер өткізілді.