Lesson Study – сабақты зерттеу әдісі. Бүгінгі таңда бұл әдіс мектептерде кеңінен қолданылуда.

«Парасат» мектеп-лицейінде 27 қаңтар күні оқу ісінің меңгерушісі Ш.Х.Омарованың ұйымдастыруымен «Lesson Study – тиімді тәсіл» тақырыбына шеберлік сыныбы өткізілді. Қатысушылар Lesson Study туралы білгендерін топтық жұмыста талқылады. Аталған әдіс туралы туындаған сұрақтарды ортаға салып, түсінікті жауаптар алынды.

Іс – шараның соңында спикер тәжірибесімен бөлісіп, Lesson Study жөнінде ақпарат берді. Қатысушылар кері байланыс берді.