Мектеп оқушыларының күзгі демалысындағы бос уақыттарын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында 2023 жылдың 2 қараша күні «Парасат» мектеп-лицейінің кітапханасында Қожа Ахмет Яссауидің 930 жыл толуына орай 8-11 сынып оқушылары «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында эссе жазды.


«Парасат» мектеп-лицейінің кітапханасында 1-сынып оқушылары үшін «Оқырман қатарына қосу» тақырыбында іс-шара өткізді. Мектеп кітапханашысы А.Д. Смагулова оқушыларға кітапханада жүру мен кітапты ұқыпты ұстау ережелерімен таныстырды. Мектебіміздің жас оқырмандарына кітапханаға өз білімін шыңдауға негізделген куәліктер табысталды. Осы сәттен бастап 1- сынып оқушылары мектеп кітапханасының ең белсенді оқырмандарына айналады деген сенімдеміз.#Оқуғақұштармектеп

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Парасат» мектеп-лицейінің кітапханашысы А.Д.Смагулова және мектеп парламентінің оқушылары «Мен іздеген кітап» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты- өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуын, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіру. Кездесу барысында оқушылар өздерінің сүйікті авторлардың «Гарри Потер» және «Менің атым Қожа» кітаптарын талқылады. Айсулу Дастеновна оқушыларды қызықтыратын кітаптары жайлы мәлімет алды.Кездесу оқушыларға қатты ұнады.
#МЕКТЕППАРЛАМЕНТІ