«Парасат» мектеп-лицейінде «Әнім-сенсің туған ел!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты - мектептің жас талантты оқушыларын өнерге тарту. Концертте оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерімен көрермен жүрегін баурап алды. Кешімізде даярлық топ оқушылары «Лашкарей» және «аспаптық» өнерлерін көрсетті. Мерекелік жиында мектеп басшысы ата-аналарға және ардагер ұстаздарымызға игі тілектерін айтып, Білім министрінің мақтау қағаздарымен ардагер ұстаздарымызды марапаттады. Қызылжар ауданының әкім кубогының иегерлері «Мәссаған» КВН командасын бас жүлдемен құттықтады.